jasqazaq.kz

Зеленскийдің кеңесшісіне қастандық жасалды

22 қыркүйек 2021, 15:40

Бүгін, 22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Страна.ua интернет-газетіне сілтеме жасап.

«Шефирге оқ атылды. Жүргізушіні үш жерінен атқан. Қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Сергей Шефирдің өзі тірі, жарақат алған жоқ», — деп жазды «Страна.ua» басылымы.

РИА Новости мәліметінше, Украинаның Ішкі істер министрлігі ел президентінің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігі Киев маңында атылғанын растаған.

«Бүгін сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13.00-де) Лесники ауылының маңында президенттің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігі атылды. Көлікке 10-нан аса оқ тиді. Жүргізуші жарақат алды», — делінген ІІМ-нің Facebook-тегі хабарламасында.

Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, қастандық жасағандарды іздеу бойынша арнайы полиция операциясы жүргізілу үстінде. Сондай-ақ, ІІМ оқиға туралы кез келген ақпараты бар адамдардан полицияға хабарлауды сұрайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия