jasqazaq.kz

Зеленский террористің талабын орындап, видео түсірді (видео)

22 шiлде 2020, 10:52

Украина президенті Владимир Зеленский Луцк қаласында автобус жолаушыларын тұтқынға алған террористің талабын орындап, видео түсірді. Зеленкий Facebook желісіндегі парақшасында тұрғындарды «Земляне» фильмін көруге шақырды.

«2005 жылғы «Земляне» фильмін барлығыңыз көріңіздер», — деді Зеленский. Бұған дейін Украина президенті адамдарды тұтқында ұстап отырған адаммен сөйлескен. Сөйтіп қылмыскер үш адамды босатқан.

Бұған дейін Луцкте қаруланған ер адам жиырма шақты жолаушы отырған автобусқа шабуыл жасап, адамдарды тұтқынға алғаны хабарланған болатын. Өзін Максим Плохой деп таныстырған ер адам саясаткер, шенеуніктер мен судьяларға идеологиялық талабы барын айтқан: мемлекет «елдегі бірінші террорист екенін мойындау».

Сондай-ақ ол Владимир Зеленский «Земляне» фильмін көруге шақырсын деген талап қойып, оны тұтқындардың да көруін талап еткен.

Полицейлер қылмыскер Максим Кривош есімді ресейлік екенін, бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет сотталғанын анықтаған.

Ер адам жолаушыларды тұтқынға алған кезінде бірнеше рет оқ атып, артынша автобустан жарылғыш құрал лақтырып жіберген. Одан бөлек, террорист баланы босату жайында келіспек болған полицейге оқ атқан.

Террорист 21 шілдеде кешкі уақытта ұсталды. Тұтқындар автобустан қашып үлгерді.

https://youtu.be/YrsIJRpDZ-8

Артынша Зеленский Facebook парақшасында террористің талабы туралы жариялаған видеоны өшіріп тастаған.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде