jasqazaq.kz

Зеленский шенеуніктерді өзінің портретін ілмеуге шақырды

20 мамыр 2019, 16:24

Бүгін, 20 мамырда, Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі өтті. Президент рәсім барысында шенеуніктерден өзінің портреттерін ілмеуге шақырды.

«Біздің кабинеттерде менің суреттерім болмағанын қалаймын. Өтінемін, менің портреттерім болмасын. Себебі президент икона, пұт емес. Президент – бұл портрет емес. Ол жерге балаларыңыздың фотосуреттерін іліп қойыңыздар. Және әр шешімді қабылдайтын кезде олардың көзіне қараңыздар», — дейді Зеленский.

Сонымен қатар ол украиналықтардың күліп жүруі үшін өмір бойы қолынан келгенін жасағанын айтты.

«Жүрегіммен сездім. Бұл менің жұмысым ғана емес, міндетім еді. алдағы 5 жылда сіздерді жылатпау үшін, бәрін жасайтын боламын», — дейді Украина президенті.

Өз сөзінде Зеленский үкіметті отставкаға кетуге шақырып, парламенттің тарайтынын хабарлап, украиналықтарды үйіне шақырды. Менің сайлаудағы жеңісім – тұтас мемлекеттің жеңісі, дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде