jasqazaq.kz

Зеленский АҚШ-қа барды: Америка мен Украина басшылары не туралы айтты?

22 желтоқсан 2022, 10:39

Украина президенті Владимир Зеленский 21 желтоқсанда Вашингтонға барып, АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Екі көшбасшы арасындағы екіжақты кездесу басында сөйлеген сөзінде Байден Ресей президенті Владимир Путинді «бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарды күшейтті» және «қысты қару ретінде пайдалануға» тырысты деп айыптады, деп хабарлайды WIVB 4.

Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше, Байден Вашингтон Украинаның өзін қорғау мүмкіндіктерін, әсіресе әуе қорғанысы жүйесін одан әрі нығайтуды жалғастыратынын айтқан.

«Серіктестерімізбен бірге Кремль үшін шығын жасауды жалғастырамыз және Украинаны әділ бейбітшілікке ұмтылуда қолдаймыз».

Владимир Зеленский кездесу барысында Джо Байденге украиналық сарбазға берілген марапатты табыс етті, деп хабарлайды The Independent.

Оның айтуынша, HIMARS батареясының капитаны болған сарбаз бұл марапаттың АҚШ президентіне берілуін қалаған. Байден бұл ишарат «лайықты емес, бірақ құнды» деп жауап берді. Ол АҚШ Украина халқы және оның көшбасшысымен бірге екенін айтты.

Сондай-ақ, CBS News арнасының тікелей эфирінде Владимир Зеленский Вашингтонға сапарының маңыздылығын айтты.

Украина президентінің айтуынша, ол АҚШ-қа ертерек келгісі келген, бірақ «жағдай тым қиын болғандықтан» келме алмаған.

«Қазір келгенім, бұл біз қолдаудың арқасында жағдайды бақылап отырғанымызды білдіреді, бірінші кезекте сіздің қолдауыңыздың арқасында», — деді ол америкалық әріптесіне бұрылып.

CBS телеарнасы мәліметінше, Зеленский АҚШ-тан кейін Ұлыбритания, Франция және Германияға баруы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде