«Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» журналистер күніне орай БАҚ өкілдері арасында байқау өткізеді

13 ақпан 2020, 15:42

Мақсаты: Мәдениет қоры – қазақ руханиятының дамуына өзіндік үлесін қосуды басты мақсаты санайды. Осы бағыттағы игілікті іс-шараларға қолдау көрсетеді. 2020-жылы жазушы, этнограф, баспагер Зейнолла Сәніктің туғанына 85 жыл. Атаулы мерейтойға орай қорымыз қазақ этнографиясының отандық БАҚ-та кең көлемде дәріптелуіне, зерттелуіне ықпал ету, қор жұмысының насихатталуына көңіл бөлу мақсатында БАҚ өкілдері арасында байқау өткізеді.

Байқау шарттары:

Байқауға қатыстатын БАҚ өкілі қазақ этнографиясына қатысты тың дерек, маңызды мәлімет, терең танымдық мазмұндағы материалын(мақала, сұқбат, сюжет, т,б) ұсынады. Сонымен бірге, міндетті түрде Зейнолла Сәніктің этнографиялық мұрасы немесе «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» игілікті іс-шараларына қатысты жарық көрген материялын қоса жіберуі шарт.

Байқауға отандық БАҚ өкілдері, атап айтқанда, радио-телеарналар, газет-журналдар, интернеттік сайт-порталдар қатыса алады. Олар 2020-жылдың 1-қаңтарынан 31-мамырына дейін жарық көрген байқау шартына сай келетін мақала, сұқбат, хабар, сюжет, жазбаларын(аудио, видео, фото жазбаларын) көрсетілген электронды поштаға жіберуі тиіс.

Басылымдардың түпнұсқасы болғаны абзал.

Итернеттік сайттардағы жазбалардың скриншоты жіберілуі керек(жарық көрген БАҚ аты, уақыты, көрілім саны мен пікірлер қамтылуы тиіс);

Ұсынылған материалдарды Алматы қаласындағы қордың кеңсесіне тікелей жеткізуге болады. Ал алыс өңірлер бойынша қазпошта арқылы жіберуіне болады.

Байқау қорытындысы арнайы құрылған сарапшылар алқасының шешімі бойынша жасалады. Жүлдегерлер журналистер күніне орай ақшалай сыйлықтармен, бағалы естелік бұйымдарымен марапатталады.

Ескерту:

Талапқа сай келмейтін материалдар байқауға жіберілмейді.

Жүлдегерлер аталымы:

Үздік мерзімді басылым;

Үздік интернет сайт(портал);

Үздік радио;

Үздік телеарна;

Үздік өңірлік БАҚ.

Баспасөз бойынша ең үздік журналист;

Телеарнадағы ең үздік сюжет авторы;

Сайт бойынша ең үздік тілші;

Радиодағы ең үздік журналист.

Жүлде қоры:

Үздік мерзімді басылым – 200 000тг

Үздік интернет сайт(портал) – 200 000тг

Үздік радио – 200 000тг

Үздік телеарна – 200 000тг

Үздік өңірлік БАҚ – 200 000тг

Баспасөз бойынша ең үздік журналист – 100 000тг

Телеарнадағы ең үздік сюжет авторы – 100 000тг

Сайт бойынша ең үздік тілші – 100 000тг

Радиодағы ең үздік журналист – 100 000тг

Сондай-ақ жекелеген үздік тілшілер Алакөлге демалысқа жолдама алады.

Байқауды ұйымдастырушы: «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры»

Байланыс: 8775 99 66 485, 8705 330 99 55(Жарқын)

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Розыбекиев көшесі, 9-үй(индекс: 050009), электрондық почта: jarkynalash@mail.ru

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады