jasqazaq.kz

Зейнеткерге пышақпен шабуыл жасалды

28 сәуiр 2020, 18:27

Алматыда бұзақы зейнеткерге пышақпен шабуыл жасады. Оны Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институтының əскери қызметшілері құтқарды. Осы оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1948 жылы туған Ч. есімді азамат полицияға арызданды.

«Бұл оқиға туралы бүгін Қорғаныс министрлігінен естідік. Арнайы тексеру жүргіздік. Оның жеке басын анықтадық. Сөйлестік. Нәтижиесінде зейнеткерді ешкім тонамағаны анықталды. Оның айтуынша, 24 сәуірде белгісіз біреу бұзақылық ниетпен қолын пышақпен тіліп, қашып кеткен. Бүгін бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚРҚК 293 бабы — бұзақылық бойынша тіркелді. Қылмыстық процесті Медеу ауданының аумақтық полиция басқармасы жүзеге асырады. Күдікті міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады «, — деді Алматы қаласы ДП-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зейнеткердің айтуынша, оқиға Орталық колхоз базары маңында болған.

«Маған 25-30 жас шамасындағы бір жас жігіт келді. Ол менен темекі сұрады. Мен шылым шекпейтінімді айттым, сол кезде ол менің қолыма жеңіл жарақат салып, қашып кетті «, — дейді зейнеткер.

ҚазАқпарат

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова