jasqazaq.kz

Зейнеткердің атынан 2 млн теңгеге iPhone алған

28 қазан 2021, 11:47

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жедел қызметкерлер Ленин кентінің 22 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 63 жастағы зейнеткер өзінің атына онлайн-несиені заңсыз рәсімдеу туралы өтінішпен полицияға жүгінген.
— Тергеу барысында жас жігіт әңгімелесіп тұрған кезде әйелден оның жеке куәлігін сұрап, ұялы телефонына суретке түсірген. Сондай-ақ, банктердегі несиені ресімдеу кезіндегідей беттің профилін суретке түсірген. Содан кейін осы ақпаратты пайдалана отырып, оның атына онлайн дүкендердің бірінде iPhone 12 PRO Max 2 ұялы телефонын сатып алуға онлайн кредит рәсімдеген. Шығын шамамен екі миллион теңгені құрады, — дейді департаментте.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетерлігі, 2021 жылдың 9 айында Павлодар облысының аумағында ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты 800-ден астам алаяқтық тіркелді.

Полицейлер азаматтарға Қазақстанның кейбір шағын несие ұйымдарында қарызға ақша алу үшін ол жерге барудың қажеті жоқ екенін еске салады. Кейде менеджерге WhatsApp арқылы жеке куәліктің фотосын жіберу жеткілікті. Бұл сіздің құжатыңыз ба немесе басқа біреудің құжаты ма екені маңызды емес, ақша немесе тауар сізге бәрібір беріледі.

Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін полиция департаменті өз құжаттарын – жеке куәлігін, төлқұжатын, банктік карталарын басқа азаматтардың қолы жетпейтін жерлерде сақтауға кеңес береді. Белгісіз тұлғаларға дербес деректерді бермеу, тауарларға немесе қызметтерге телефон арқылы тапсырыс беру кезінде ДСН-кодты, СМС-кодтарды бермеңіздер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде