jasqazaq.kz

Зейнеткерді пышақпен қорқытқан (видео)

20 қараша 2019, 18:29

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар ауылында 35 жастағы тұрғын 61 жастағы зейнеткерге қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлер түсірген видеода Instagram желісінде жарияланды. Онда ашуға булыққан ер адам қолына пышақ ұстаған. Ол үйдің тұрғындарымен жанжалдасқан. Видео сипаттамасында осы ер адамның бірнеше рет осындай тірлікке барып, бұзақылық жасайды екен. Осы видео жарияланғаннан кейін полицейлер тексеру жүргізген. Олар видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. «Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде Топар ауылының 35 жастағы тұрғыны екені анықталды, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік материал жинастырылды. Әкімшілік сот оны үш тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Айта кетейік, ұсталған адам бұрындары әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрғаны белгілі», — делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда