jasqazaq.kz

Зейнеткерді өлтіріп, ауласына көміп тастаған

30 қыркүйек 2019, 14:37

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұратын анасының хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдап іздеген қарияның қызы тәртіп сақшыларына арызданған.

Маусым айынан жоғалып кеткен зейнеткерді іздеуге полиция бөлімінің криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

«Жоғалған зейнеткерді іздестіру жұмыстарына криминалистер мен учаскелік инспекторлар да жұмылдырылды. Жоғалған әйелдің бір өзі тұратынын ескере отырып, жедел уәкілдер оның барлық байланыстарын, сондай-ақ соңғы уақытта кімдермен қарым-қатынас жасағанын анықтады.
Осы айлар аралығында полицейлер қарт әйелді іздестіруді тоқтатпады, келіп түскен барлық ақпаратты мұқият тексеріп шықты. Сонымен қатар, егде әйел адам өлтірудің құрбаны болуы мүмкін деген болжам да жасалды. Із-түзсіз жоғалған адамды іздестіру облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болды.

Бір ай бойғы сәтсіз іздеуден кейін Сарыағаш АПБ-де ҚР ҚК-нің 99 бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Одан әрі тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастырды,»-деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
4 айдан кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері зейнеткердің жоғалуына қатысы бар күдіктінің ізіне түскен. Ол Сарыағаш ауданында жәбірленушімен көрші үйде тұрған, Қазығұрт ауданының тумасы болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, зейнеткер әйел екеуінің арасында қарыз салдарынан жанжал туындаған. Жанжал барысында күдікті әйелді өлгенше ұрып-соғып, денесін өз үйінің ауласына көміп тастаған. Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін аталған жерден тауып, оны сараптамаға жіберді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері болған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.

Дереккөзі: nur.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда