jasqazaq.kz

Зейнеткерді қағып, кетіп қалған: күдікті Алматы облысында ұсталды

22 тамыз 2022, 16:37

Алматы облысының полициясы велосипедтегі зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамызда сағат 19:36 шамасында Жамбыл аудандық ПБ-ға Таран ауылына кіреберісте белгісіз көлік велосипед мінген адамды басып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жол апаты салдарынан 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Кейін әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы болған жерден кадрлар тарады. Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ЗАЗ Chance автокөлігін тізгіндеген Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғынын анықтады.

«Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заңбұзушылығы»), 611-бабы 2-бөлігі («ЖКО орнын қалдыру») және 608-бабы 3-бөлігі («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру») бойынша әкімшілік іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушінің мас болу дәрежесін анықтау үшін химика-токсикологиялық сараптама тағайындалған. Тағайындалған сараптамалық зерттеулер нәтижесі бойынша ЖКО материалдары негізінде түпкілікті шешім қабылданады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр