jasqazaq.kz

Зейнеткерді алдаған шетелдік сотталды

24 қараша 2016, 11:00

information_items_3111

Ақмола облысында зейнеткерлерге қатысты алаяқтық қылмыс жасаған шетел азаматы 4 жылдан астам мерзімге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мəліметі бойынша, Ақмола облысының Шортанды  аудандық соты алаяқтық жасағаны үшін айыпталған 1952 жылы туған ҚР азаматтығы жоқ,  Астана қаласында уақытша  тұрып жатқан Акопян Аликоға қатысты қылмыстық істі қарады. «Сот анықтағандай, А.Акопян 2015 жылдың 15 желтоқсанынан 2016 жылдың 14 қаңтары аралығында  Ақмола облысының Шортанды ауданы Дамса ауылының және Степногорск қаласында тұратын зейнеткер әйелдерді бірнеше рет алдап, қаражаттарын жымқырған. А.Акопян зейнеткерлерден шет елде тұратын туыстарының мекен жайын анықтап, өзін олардың туыстарының сәлемдемелерін жеткізетін жүргізуші ретінде таныстырған. Сәлемдемелерін жеткізуге автокөлікте жанар-жағармайдың жоқтығын сылтауратып, зейнеткерлерден ақша алғаннан кейін олардың көзіне түспеуге тырысқан. «Осылайша алаяқ 14 зейнеткерді жалпы соммасы 3 224 665 теңгеге алдаған», — деп көрсетілген хабарламада. Сот үкімімен Акопян Алико Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  190-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкiн тәркiлеумен қатар, 4 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, елге қайта келуге 5 жыл мерзімге дейін тыйым салынады. Сотталғаннан әрбір жәбірленушінің пайдасына келтірілген залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі