jasqazaq.kz

Зейнеткер жоғалтып алған 6 миллион теңгесін тауып алды

15 қазан 2018, 13:06


Астанада зейнеткерге жоғалтып алған 6 миллион теңгесін тауып алды.

ҚазАқпарат  жазғандай, қалалық ІІД-нен хабарланғандай, «Байқоңыр» ауданының тұрғыны, 70 жастағы зейнеткер әже такси қызметіндегі автокөлікке ірі сомадағы ақшасын ұмытып кеткенін хабарлаған. «Зейнеткердің айтуынша, қаладағы банктердің бірінен ол ірі сомадағы қаражатын шешіп алып, көшеге шығып, ақ түсті таксиге отырған. Жететін жеріне жетіп алғаннан кейін әлгі зейнеткер таксидің артқы орындығына ақша толы пакетін ұмытып, көліктен түсіп кеткен. Осыдан кейін зейнеткер полицияға хабар берген», — делінген хабарламада. Қалалық тәртіп сақшылары видеобақылау арқылы ақ түсті «Хонда» маркалы көліктің әлгі әйелді жеткізіп тастағанын анықтайды. Осылайша, такси жүргізушісі полицияға жеткізіліп, оның көлігінің артқы орындығынан ақша толы пакет жатқаны анықталған. Ақшасын қайта тапқан зейнеткер полицейлерге алғыс айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде