jasqazaq.kz

Зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланады

18 қыркүйек 2018, 11:10


Бүгін Сенат депутаттарымен болған кездесуде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы активтері портфелінің құрылымы туралы айтты.

 ҚазАқпарат  жазғандай,  «2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша портфельдің негізгі үлесі Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына (46,7 пайыз) орналастырылды. 19 пайызы қазақстандық екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздарына инвестицияланды. Валюталық құрылым тұрғысында портфельдің 68 пайызы теңгелік тетіктерге, 32 пайызы шетел мемлекеттерінің валюталарына салынды», — деді Наурызбаева. Оның сөзіне қарағанда, БЖЗҚ зейнетақы активтеріне есептелген инвестициялық кіріс биылғы бірінші жартыжылдықта 378 183 млн теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 70 пайызға артық. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша ерлердің үлесі басым. Сонымен қатар, Н. Наурызбаева биылғы шілденің басында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 8,4 трлн теңгеге жеткенін айтты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді