jasqazaq.kz

Зейнетақы жинағын шешіп алу үшін онда қанша ақша болуы керек?

03 қыркүйек 2020, 16:36

 Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ержан Нұрымбетов зейнетақы қорынан жарты қаражатты алудың шарттары туралы айтып берді.

Онлайн брифинг барысында Нұрымбетов қандай санаттағы адамдардың зейнетақы қорын ала алатынын айтып берді. Жалпы алғанда елімізде 721 мың азамат осы мүмкіндікті пайдалана алады. «Жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар. Біріңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар ала алады. Егер олардың жиналған соммасы жеткіліктілік шегінен асып жатса ғана рұқсат беріледі. Мақсатымыз қаражатты таратып беру емес. Тек қана 50 пайызын ғана ала алатын болады. Екіншісі зейнет жасына жеткен кісілердің қорда қаражаты болатын болса, олар қаражаттың 50 пайызын ала алады. Олардың саны 138 мыңнан асады. Олардың ішіне құқық қорғау органдарының азаматтары да жатады. Бір шарт бар ол зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақтысы мен қордан алатын зейнетақысын қосқан кезде, кемінде 40 пайыздан төмен болмауы керек. Үшіншісі зейнетақы құжатын рәсімдегендер. Сақтандыру қорына аударғаннан кейін зейнетақы қорында қаражат қалатын болса ғана ала алатын болады», — дейді Нұрымбетов. Нұрымбетов, жеткіліктілік шегін есептеу арқылы қордағы қаражаттарды беру мәселесі қаралатынын түсіндірді. Әрбір жастағы қорға қаражат құйғандардың жеткіліктілік шегі есептеліп, арнайы талаптар қойылатын болады. Жеткіліктілік шегі дегеніміз — зейнетақы қорындағы қажетті ең төменгі баға. Әркімнің өз жасына қарай беріледі. Егер азамат кемінде ең төменгі жалақыдан зейнетақы қорына қаражат аударып отырған жағдайда, зейнетке шыққан соң 82 жасқа дейін ең төменгі зейнетақы алуға мүмкіндік беретін болса ғана ала алады. «Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады», — деді Нұрымбетов. Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек.

35 жас – 2 миллион 961 мың теңге

40 жас — 3 миллион 437 мың теңге

45 жас — 3 миллион 947 мың теңге

50 жас — 4 миллион 495 мың теңге

55 жас — 5 миллион 84 мың теңге

«59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет.

Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады», — деді ол.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде