jasqazaq.kz

Зейнетақы жинағын пайдалану есебі жұртты шошытты

29 қазан 2019, 23:03

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалана алатындардың есебін шығарды. Олардың айтуынша, еліміздегі 20 мен 63 жас аралығындағы 9 мыңнан аса ер адам және екі мыңдай әйел ғана тұрғын үй немесе білім алу үшін зейнетақы қорындағы жинағын пайдалана алады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Министрлік жүргізген есептеулерге сүйенсек, зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін 20 жастағы жігіттің шотында 6 миллион теңгеден астам ақша болуы шарт. Ал Қазақстанда мұндай салымы бар бірде-бір адам жоқ. Алты миллионнан аса қаржы жинай алған 9 мыңнан аса адам бар екен. Бірақ олардың жасы 30 бен 60-тың аралығында. Бүгінде бүкіл жинақ көлемі 108 миллиард теңге. Ал әйелдерге қатысты салым шегі ерлерге қарағанда жоғары белгіленген. Мысалы 20 жастағы қыз 9 миллион теңгеден асыра жинаған болуы тиіс. Жасы ұлғайған сайын көрсеткіштер де өсе береді. Дегенмен бұл деректер елді шошытқаннан кейін министрлік оның әлі де түзетілуі мүмкін екенін айтты.

Ақмәди Сарбасов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

— Бұл жұмыс тобының ұсынысы ғана. Бүгінгі таңда әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Есептеулердің барлығы бірыңғай зейнетақы жинақ қорымен жасалды. Барлық ұсыныстілектерді біз әлі де қарайтын боламыз.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық