jasqazaq.kz

Зейнетақы жинағын пайдалану: Арнайы порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек

25 қантар 2021, 16:08

«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: 1. Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады; 2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе. Мысалы, «1.000.000» немесе «1000000,00» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1000000» немесе «1234567» түрінде көрсету керек», — деді банк. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек. ⠀ Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс – шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық