jasqazaq.kz

Зейнетақы шоты жоқ азаматтар да жұрттан қалмай өтініш жіберген

28 қантар 2021, 11:23

Төрт күнде 49 миллиард теңге! Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есепшоттан осынша соманы шешіп алуға рұқсат етті. Яғни 8 мыңнан аса қазақстандықтың өтініші мақұлданған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Барлығы 10 292 адам өтініш түсірген екен. Жалпы сомасы 114 миллиард теңге. Алайда тек 8 мың адамның ғана өтініші орынды боп шыққан. Қалған 2 мың адам қорындағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратыпты. Тіпті зейнетақы шоты жоқ азаматтар да жұрттан қалыспай өтініш жіберген дейді қордағылар. Мақұлданған 49 миллиард теңге бес күннің ішінде банктердегі азаматтардың арнайы есепшотына аударылады. Қазір бұл қаржылық операцияны 4 банк: «Отбасы банк, «Халық банк», «Банк Центр Кредит» және «Алтын банк» жүзеге асырады. Зейнетақы шотынан алынған ақша жеке қолға берілмейді. Егер ол сома 45 күн ішінде пайдаланылмаса, зейнетақы қорына қайтарылады. Ақшаны қайта шешіп алу үшін азаматқа қайтара өтініш жазуға тура келеді.

Қайрат Кенбаев, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ департаменті директоры:

-Қателік болмау үшін салымшыларымыз, біріншіден, өз есепшотын тексеріп, көз жеткізу керек. Содан кейін ғана уәкілетті оператордың сайтында өтініш береді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық