jasqazaq.kz

Зейнетақы қорының басшысы ауысты

01 сәуiр 2019, 15:24

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқарма төрағасы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрбүбі Наурызбаеваның орнына ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов келді. 2017 жылдың қаңтарынан бері Зейнетақы қорын Нұрбүбі Наурызбаева басқарып келген болатын. Директорлар кеңесінің шешімімен оның уәкілеттігі тоқтатылды. Жанат Құрманов 1962 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.1996 жылы Мәскеуде Экономика, менеджмент және құқық универсиеттін бітірген. 2017 жылы Оксфорд университетінде бизнес мектебі бағдарламасы бойынша диплом қорғады. Ол өз еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Ядролық физика институтында инженерлік қызметтен бастаған. 1996 жылдан бастап — қаржы саласында, 1999 жылдың желтоқсанынан басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Жанат Құрманов 2017 жылы 13 қыркүйекте Президент жарлығымен Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне кіріскен болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда