jasqazaq.kz

Зауыт құрылысында — отандық жабдық! (Видео)

22 қыркүйек, 16:36
Фото: Видеодан кадр

Атырау өңірінде салынып жатқан «Силллено» полиэтилен зауыты аумағында алып баған орнатылды. Биікті 102 метрге жуық, диаметрі 7,5 метрге жететін қондырғының жалпы салмағы 1,8 мың тоннаны құрайды. Jasqazaq.kz сайты ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, биік баған технологиялық процестің негізгі бөлігіне жататын пиролиз орнатып, полиэтилен өндірісінде қолданылатын негізгі шикізат- этиленді ажыратуға арналған.
«Силллено» ЖШС Бас директоры Мұхтар Ауытбаевтың айтуынша, бірегей жабдық «Атыраунефтемаш» зауытында жасалған. Аталған кәсіпорында салмағы 700 тоннаға жететін тағы бір қондырғыны құрастыру аяқталуға жақын. Бұл, сөз жоқ, жағымды жаңалық! Өйткені, енді өндіріс ошақтарын салғанда қымбат импортқа иек артпай, өзімізде жасалған құрылғыны пайдалануға болады.
Көкпен таласқан қондырғыны 4 мың тонна жүк көтеретін шынжыр табанды кран пайдаланылды. Қазір жоба бойынша жұмыстың 38 пайызы орындалды. 5 мың адам еңбек етіп жатқан құрылыс алаңын 500-дей техника жұмылдырылған.
«Jas Qazaq» бұған дейін жазғандай, жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін кәсіпорынның ел экономикасын әртараптандыруда маңызы зор. Зауыт ішкі нарықты аса қажет полиэтиленмен қамтамасыз етіп қана қоймай, артық өнімді экспорттауға мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты