jasqazaq.kz

Зәулім сарайдай мазар тұрғызып жатқандарға ел ашулы

24 мамыр 2018, 11:52

Елімізде бай-бағландар өлгенде жерленетін моласын алдын ала дайындап қоюды сәнге айналдырған.

Оған қоса, жақынын ақтық сапарға аттандырғандар 10 миллион теңгеге дейін қаражат жұмсап, оның зиратын мәрмәр тастан құйғызады екен. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Қамал түрінде қоршалып, зәулім сарай ғимараттай салынған молалар күн санап көбейіп келеді. Ақмола облысының тұрғындары мұндай астамшылыққа жол бермеу керек деп санайды. Себебі әлем халқы барып басын иетін Меккенің өзінде қабірлер өте қарапайым салынған екен.
«Меккеге барғанымызда ұлы сахабалардың жерленген жеріне көрдік. Онда 4-5 тас қана үйіліп жатыр. Одан басқа мазар да, кесене де жоқ», — дейді тұрғын.


Жалпы салт-санамызда ата-бабамыз кесенені иленген балшықтан тұрғызыпты. Уақыт өте келе саз кесек жаңбырға езіліп, жерге сіңіп кетеді екен. Дәл осы әдіс шариғатта да құпталатын көрінеді.
Ал өлім-жітім арқылы кәсібінен нәсіп тауып отырғандар марқұм болған адамның соңғы мекені үшін бір үйдің құнындай қаржы сұрайды.
«Үлкен мешіт сияқты зираттар құны — орта есеппен 2-3 миллионның жобасында болады. Ал қарапайым зираттар 200-300 мың теңгедей тұрады», — дейді Ақмола облыстық Хазірет мешітінің зиратқа жауапты қызметкері.
Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы осындай астамшылыққа жол бермес үшін қабірді қоршаудың ережелерін ұсынды. Ол бойынша қорымдар аяқ асты қалмау үшін тек сыртын ғана қоршап қою керек дегенді айтуда.
Имамдар пікірінше, қабірді түйенің өркешіндей ғана биіктікте көтеріп, басына аят пен құраннан үзінді жазып, кішігірім ғана белгі қойған дұрыс екен.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді