jasqazaq.kz

Заттарын жоғары қабаттан лақтырған әйел жазаланды (видео)

12 мамыр 2020, 11:48

Әйел 9 қабатты биіктіктен заттар мен пластикалық бөтелкелерді көліктің төбесіне лақтырып, алдыңғы айнаны зақымдаған.
Теміртауда отбасылық жанжал кезінде жоғары қабаттан заттарды далаға лақтырған әйел жазаланды.
11 мамырында Теміртаудағы 9 қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде отбасылық жанжал туындады. Жанжал кезінде ашулы 41 жастағы әйел заттарды ашық терезеден лақтыра бастаған. Сонымен бірге, ол күйеуінің сыртта тұрған көлігін зақымдамақ болды.
Оқиғаны көрген куәгердің бірі мобильді телефонымен бұл сәтті видеоға түсіріп алды.
Әйел 9 қабатты биіктіктен заттар мен пластикалық бөтелкелерді көліктің төбесіне лақтырып, алдыңғы айнаны зақымдаған. Видео көп ұзамай әлеуметтік желілерде пайда болды.
Мониторинг барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері видеодағы әйелді тапты. Жеке басын анықтап, оған қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша хаттама жасалды.

https://www.instagram.com/tv/CACM9KGFkIP/?utm_source=ig_web_copy_link

SN.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия