jasqazaq.kz

Зарина Дияс Гонконг турнирінің жеңімпазы атанды

05 қантар 2020, 11:44

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік рейтингте 77-орында тұрған З.Дияс финалда әлемнің 72-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линьмен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен аяқтады. Екінші сетте есеп 6:5 болып, қытайлық теннисші доп бергенде, Зарина матчты жеңіспен тәмамдай алды – 7:5. Осылайша З.Дияс жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жеңімпазы атанды. Енді Зарина Қытайдағы Шэньчжэнь WTA жарысында бақ сынайды. Оның ертеңгі қарсыласы – рейтингте 396-орындағы қытайлық Йин-Йин Дуань. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Елена Рыбакина ертең осында рейтингте 42-сатыдағы тағы бір қытайлық Чжэн Сайсаймен кортқа шығады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде