jasqazaq.kz

Зарина Дияс Дубайдың негізгі турниріне жолдама алды

16 ақпан 2019, 18:39

Қазақстандық Зарина Дияс Дубай турнирі іріктеу сайысының финалында румыниялық Моника Никулескумен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зарина дүниежүзілік рейтингте 96-орында болса, Моника одан он саты төмен-ді. Бірінші партия барысында қарсыластар бірнеше рет брейкпен алмасты. Есеп 4:4 болған мезетте Зарина тағы бір брейк жасап, өз геймін де алды 6:4. Екінші сетте З.Дияс брейк жасап, алға шықты – 3:1. Ақыры сол басымдығынан айырылған жоқ – 6:4. Бәсеке сағат жарымдай уақытқа созылды. Осылайша Зарина негізгі турнирге жолдама алды. Жүлде қоры 2,5 млн астам АҚШ долларына бағаланған Дубай турнирі 24 ақпанда мәреге жетеді. Онда Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева да өнер көрсетеді. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары кейін анықталады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде