jasqazaq.kz

Заречныйдағы түрменің 7 қызметкері қамалды

15 тамыз 2019, 15:46

Алматы облысындағы тұтқындарды азаптаудан кейін 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz  хабарлады.

«Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды», — деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Сонымен қатар, теріс себептермен ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды. «Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындалды. Сонымен қатар, мекеме бастығы және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Атап өтер жай, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға итермелейтін алғышарттарды жою бойынша жүйелі шаралар кешені қабылдануда», — делінген хабарламада. Министр, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облысы ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті. Тексеру барысында 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі — 34, тырнаққа арналған қысқыштар — 5, қайралған металл заттар — 6, қайшы — 9), азаматтық үлгідегі заттар — 50, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сотталғандардың азаптау туралы арыздары негізінде тергеу жүргізу үстінде. Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда