jasqazaq.kz

Заречный ауылы карантинге жабылды

30 сәуiр 2020, 16:35

Алматы облысы Қапшағай қаласының Заречный кентіне карантин режимі енгізілді. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін, сағат 13.20-дағы соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 68 адам анықталды. Оның ішінде 13 науқас Алматы облысының Қапшағай қаласында тіркелді. Олардың 5-еуі Қапшағай қаласында, 6-ауы Заречный ауылында анықталса, 2-еуі – Атыраудан жеткізілген «Теңізшевройл» ЖШС-ның вахталық жұмысшылары. Ауырғандардың үлкені 62 жаста болса, кішісі — 9 айлық бала.

Осы күнге дейін Қапшағай өңірінде жалпы саны 15 адам тіркеліп отыр. Осыған байланысты Қапшағай қалалық штабтың шешімімен Заречный кентіне бүгіннен бастап карантин режимі енгізілді.

«Анықталған науқастардың барлығы тиісті ем алу үшін медицина мамандарының бақылауына алынды. Олармен байланыста болған 187 адам анықталды, оның 24-і – жақын байланыс жасағандар, 163-і – сырттай қарым-қатынаста болғандар. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде», — делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі