jasqazaq.kz

Зардап шеккендер бар: Ақмола облысында шахта құлады

04 наурыз 2021, 15:40

Ақмола облысында «Айна — ресурс» ЖШС шахтасында тау сілемі құлады. Апат кезінде жер астында екі ер адам болған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 наурызда болған. Топырақ астында 1990 және 1991 жылы туған ер адамдар қалып қойыған. Қазір олар Астрахан аудандық ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.

Тау сілемінің құлауы туралы хабар құтқарушыларға түнгі сағат 3 шамасында келіп түсті.

«Құтқарушылар «ТРЭКОЛ ВЕГА» жол талғамайтын көлігімен шақыру орнына жіберілді. 1991 және 1990 жылғы екі ер адам 100 метр тереңдікте ауыр халде болды, оларды шахтадан басқа кеншілер алып шықты және құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Метеорологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге жете алмады. Құтқарушылар төтенше жағдай орнына дәрігерлермен бірге шығып, зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялады», — деді Астрахан ауданының ТЖБ бастығы Аят Сералиев.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия