jasqazaq.kz

Заңсыз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады

24 наурыз 2022, 22:06

Қазақстанда заңсыз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады. Олардың қатарында жекеменшікке берілгеннен кейін монополист болған ұйымдар да бар. Қазірдің өзінде мемлекет өзіне қайтаруға ниетті нақты салалар белгілі: телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа нарық. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Компаниялардың нақты тізімін арнайы комиссия анықтайды. Содан кейін мемлекет білек сыбанып іске кіріседі. Билік аталмыш ұйымдардың қызмет салаларын монополиясыздандырады. Кезінде заңсыз жекешелендірілген нысандарды қайтарудың егжей-тегжейін түсінумен құқық қорғау органдары, қаржы секторының қызметкерлері, Министрлер кабинетінің мүшелері, сондай-ақ комиссия құрамына енгізілген «Самұрық-Қазына» өкілдері айналысады. Комиссияға бір апта берілген. Президенттің тікелей тапсырмасын орындайтындар бір кезі мемлекет меншігінде болған нысандарды енді қалай қайтаратынын ашып айтпай отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде