jasqazaq.kz

Заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңге ұрлаған

03 мамыр 2019, 17:18

Павлодар облысында өңір тұрғындарына заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңгені ұрлаған шенеунік ұсталды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Павлодар облыстық департаменті облыстық «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКК басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол өзіне бағынышты тұлғалар тобымен жүйелі түрде облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз рәсімдеу және аудару арқылы 2006-2014 жылдары жалпы сомасы 36,4 млн теңге болатын бюджет қаражатын талан-таражға салу күдігіне ілігіп отыр», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда, күдікті кінәсін толықтай мойындауына байланысты процессуалды ұстау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде