jasqazaq.kz

Заңсыз салынған нысандарға айыппұл салынды

15 тамыз 2022, 13:05

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқаушы Нұрбол Жүнісбеков мекеме тарапынан жарты жылда атқарылған жұмыстарды баспасөз брифрнгте баяндады.

Оның сөзінше, қалада саңсыз салынып жатқан нысандар арнайы мониторинг нәтижесінде анықталған.

– Қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі – қаладағы Заңсыз және заң талабын бұзып салынған құрылыс нысандары. 2022 жылдың 6 айында тиісті жоспарға сәйкес қаладағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған 300-ден астам нысанның құрылыс жүргізу құжатын тексеру барысында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынды. Яғни, олар: орталықтағы ірі көшелер бойында орналасқан заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормаларын және заң талаптарын сақтамай салынған, салынып жатқан, «Сәулет жоспарлау тапсырмасы» құжаттамасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізіген нысандар, — деді спикер.

Мұндай тексеру жұмысы мұнан кейін де жалғасады. Дегенмен кәсіпкерлер құрылыс бастаудан алдын тиісті басқармадан рұқсат алуы қажет. Баспасөз жиынында Нұрбол Әбдірахманұлы шаһардың даму жоспарына сәйкес, инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін жер телімдерін мемлекет иелігіне қайтару мәселесіне де тоқталып өтті.

– Қаланың бес жылдық жаму жоспары бекітілген. Осы жоспар негізінде шаhарымызда жолдар үлкен ғимараттар салынып жатыр. Қазіргі таңда 15 нысанды мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өзім басқарып отырған басқарманың өндірісінде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен 688 жер телімі мен 55 нысан мемлекетке қайтарылды. Осы ретте, қала әкімі 10 қаулы қабылдады. Мемлекет иелігіне қайтарылған нысандар бектілген бас жоспарға сәйкес қаланың дамуына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша салынатын нысандарға ғана жүргізіледі, — деді Н.Жүнісбеков.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде