jasqazaq.kz

Заңсыз орнатылған батуттар алынып жатыр

07 маусым 2018, 17:38

Қарағандыда арнайы құрылған комиссия заңсыз орнатылған батуттарды алып жаты. «Басты мәселе — жылжымалы сауда нүктелері мен аттракциондардың иелерін орындарынан таппай жатырмыз.

Олардың орнына кәмелетке толмаған балалар сатушы болып жүр, олар ештеңе түсіндіре де алмайды. Бірінші рет тек ескерту беріп жатырмыз, болашақта — қатаң шаралар қолданамыз», — деді мәдениет, демалыс парктері мен қала саябақтары басқармасының өкілі Дәуренбек Лесов. ҚазАқпарат хабарлағандай, бұған дейін олардың иелері басқармамен шарт жасасып келген. Алайда, жақын орналасқан үйлердің тұрғындарынан көптеген шағымдар түсе бастағаннан кейін келісім жасасуды тоқтатқан. Кейбір кәсіпкерлер осыған қарамастан, өз қызметтерін заңсыз жалғастырып отыр.

«Заңсыз батуттарға балаларын алып барған ата-аналар оның өмірі мен денсаулығына қауіп келтіреді. Таяуда Астанада болған оқиғаның өзі жеткілікті. Сауда орталығының аумағында орналасқан батутты жел ұшырып, бес бала зардап шеккен еді», — деп атап өтті ведомстводан. Республика даңғылындағы саябаққа кезекті рейд жүргізу барысында батутты алып кеттік. Салмағы бір тоннадан асатын заңсыз аттракцион саябақтар басқармасының аумағына жеткізілді. Оның құны бір миллион теңгеден асуы мүмкін. Оның иесіне ҚР Әкімшілік кодекстің 463-бабы бойынша айыппұл салынады. Құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен мұндай рейдтер жаз бойы жүргізілмек.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді