jasqazaq.kz

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды (видео)

09 ақпан 2021, 14:10

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жалпыреспубликалық «Стоп-ойын» жедел іс-шарасы барысында, «Колос» мөлтек ауданы мен «Көктем» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру дерегімен айналысқан екі азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді. Сот үкімімен, көрсетілген ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307 бабы 1-б. (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды. Тәркіленіп алынған айғақты заттар (2 телевизор, 9 жүйелі блок, 9 монитор, 3 ойын аппараты және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді. Қаржылық мониторинг Агенттігі заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.

https://youtu.be/rCFsYFdzjDc

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия