jasqazaq.kz

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Жаңаөзен тұрғыны сотталды

01 қараша 2021, 17:49

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржлық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Қ.Агисов дербес компьютерлерді лотерея ойындарына арналған аппараттар түрінде Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағынауданы, Саяжай көшесі, 42 ғимарат мекен-жайы бойынша орналастырған. Құмар ойындарға қажетті 30-дан астам техника тәркіленді. Қожахмет Агисов 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. «Құрметті азаматтар! Егер сіз тұратын немесе мекендейтін жерде ойын аппараты орналастырылса, ол туралы Агенттікке хабарлай аласыз. Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарлассаңыз жеткілікті»,-делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде