jasqazaq.kz

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын айыппұл төлейді

13 желтоқсан 2018, 10:35

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңақорған аудандық соты оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол аудан орталығындағы Абдолла-Алтый Сүлеймен көшесі мен Сағырбаев көшелері қиылысында орын тепкен бір бөлмелі кеңседен ойын мекемесін заңсыз ашқан. Бұл жерге оған қажетті техникаларды жабдықтаған. «Соның нәтижесінде ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқаны анықталды. Сотта қарау барысында сотталушы Ш. өзінің кінәсін толық мойындады. Аталмыш әрекетіне шын жүректен өкінетінін көрсетті. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 250 АЕК мөлшерінде 601250 теңге айыппұл салынды», деп жазылған Жаңақорған аудандық соты таратқан хабарламада.

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді