jasqazaq.kz

Заңсыз киік аулаумен айналысқан браконьер ұсталды

24 шiлде 2018, 15:17

Батыс Қазақстан облысында заңсыз киік аулаумен айналысқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдәхметтің Фейсбуктегі парақшасында жазғанындай, 22 шілде күні «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс аймақтық филиалының инспекторлары Қазталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінде 1982 жылғы И.М. деген азамат айдаған «Фольксваген Пассат» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен екі ұңғылы 12 калибрлі мылтық, 12 калибрлі 26 дана оқ-дәрі, 12 калибрлі 1 дана гильза, бір қолды ара және 4 дана киіктің мүйіздері табылды. Аталмыш дерек Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді