jasqazaq.kz

Заңсыз қоқыс орындары көбейді

03 маусым 2021, 15:01

Қалалардағы ауаның жоғары деңгейде ластануы, ҚТҚ полигондарының нашар жағдайы және жайылым жерлерінің тозып кетуі. Сенатор Әбдәлі Нұралиев өзінің депутаттық сауалында осы және басқа да экологиялық өткір проблемаларға назар аударды.

Қазіргі уақытта еліміздегі бар 3 мыңнан астам полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Бұл полигондардың 82%-ы экологиялық және санитарлық нормаларға сай келмейді. «Қазақстан ғарыш Сапары» компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде елімізде жылдар бойы заңсыз қоқыс орындарының көбеюі анықталып, оларды жою шаралары толық шешімін таппай отыр, — деді Әбдәлі Нұралиев.

Сонымен қатар, ол мәселені көрсетіп қана қоймай, оларды шешудің ықтимал жолдарын айтты. Сенатор атап айтқанда мектептерге экологиялық тәрбиені қарқынды түрде енгізуді, ауаның тазалығына арналған арнайы заң жобасы мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия