jasqazaq.kz

Заңсыз бекіре аулағандар ұсталды (видео)

04 наурыз 2019, 13:39

Павлодар облысына бекіре тұқымдас сүйрік балығын заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды. Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Оның атап өтуінше, «Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК балық шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік инспекторлары Павлодар ауданына қарасты Сычевка ауылының тұсында Ертіс өзеніне рейдтік тексеру шарасын жүргізген. Нәтижесінде бекіре тұқымдас сүйрік балығын заңсыз жолмен аулаған Павлодар облысының екі тұрғыны ұсталған. «Тексеру барысында заңсы ауланған бекіре тұқымдас балықтың салмағы 20 келі екендігі анықталды. Келген шығын — 5 млн 50 мың теңге. Заңсыз балық ауланған жерге Павлодар облысы Павлодар аудандық ішкі істер басқармасының жедел тергеушілер тобы шақырылды. Браконьерлікке қатысты жиналған материал сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді және сотқа дейін тергеу үшін тергеу органдарына жіберілді», — деді ол.

https://youtu.be/r3SUerSo1_M

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда