jasqazaq.kz

Заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі

15 қантар 2021, 16:24

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тиісті құжатсыз балық тасымалдаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қаңтарда сағат 01.10 шамасында тәртіп сақшылары «Өскемен-Самар» тасжолының 60-шақырымында «ГАЗ» автокөлігін тоқтатқан.

«Тексеру кезінде 30 жастағы жүргізушінің Самар ауылынан Өскеменге қарай келе жатқаны белгілі болды. Көлікте ол 565 келі балықты құжатсыз тасымалдаған. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижелері бойынша шара қабылданады», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Өскемен-Алматы» тасжолын патрульдеу кезінде полицейлер «Fiat Ducato» көлігін тоқтатқан. Көліктің жүк салғышынан 40 қапқа салынған ешқандай құжаты жоқ балық табылды. Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны балықты Өскеменнен тасымалдап бара жатқанын жеткізген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия