jasqazaq.kz

Заңсыз алған айлықтарын қайтарып береді

17 қыркүйек 2019, 21:31

Ақтөбеде отыз төрт мұғалім жалған дипломмен оқушыларға сабақ берген. Прокурорлар тексеру кезінде білім саласындағы былықтарды анықтады. Енді оқытушыларды жұмыстан шығарып қана қоймай, заңсыз алған айлықтарын кері қайтартады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Есет Әзімов, Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры:

— 13 адам қызметін мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырды. 11 адам орта мектепке дейін сабақ берді. 7 адам колледж оқытушысы ретінде. Жасанды дипломдарды әзірлеуді жүзеге асырған тұлғаларды анықтау үшін материал ішкі істер органдарына жолданды.

Жалған дипломмен сабақ берген отыз төрттің арасында әйгілі әнші Димаш Құдайберген білім алған музыкалық коледж мұғалімдері бар. Мұндағы бес оқытушының құжаты күмәнді болып шықты. Олар аймақтағы Жұбанов университетін фортепиана бөлімі бойынша тәмәмдағандарын айтыпты. Ал жоғары оқу орнында ондай бөлім атымен жоқ. Әйтсе де музыкалық колледж директоры жалған дипломмен ұсталған оқытушылардың кәсіби тәжірбиесіне күмән келтірмейді. Өйткені барлығы базалық арнаулы білім алған. Тіпті отыз жыл бойы дәріс беріпті. Тек соңғы екі жылда заң өзгеріп, мұнда консерватория мен университет бітіргендер ғана сабақ бере алады екен. Сондықтан ұстаздар заңсыздыққа барған болар деп отыр. Қазір өтірік дипломмен жүргендер жұмысынан қуылды.

Аманжол Исмағұлов, А. Жұбанов атындағы музыкалық колледж директоры:

— Естігеннен кейін келесі күні шақырып алдық та, бәрін шығарып жібердік. Жаңа түзету – біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі. Олар оған сай емес, қазір заң талабына сай біздің оқу орнында жұмыс істей алмайды , өкінішке қарай. Бұрын істеуге болатын еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық