jasqazaq.kz

Заңсыз ақша айналымын жүргізген қылмыстық топ ұсталды

04 наурыз 2020, 15:32

Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында құқыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асыратын қылмыстық топты анықтады. Тергеу жұмыстары барысында ҰҚТ мүшелерінің 2019 жылғы наурыз айынан қазіргі уақытта дейін іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды тиеп-жүктемей шот-фактураларды ресімдеу жолымен заңсыз ақша қаражатын 15-тен аса жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қолға айналдырғаны белгілі болды. Салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залал көлемі шамамен 3 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Тінту жүргізу барысында мөр, ноутбук, принтер, бухгалтерлік құжаттама және жаңа жасалған шарттардың жобалары алынды», — делінген хабарламада. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҰҚТ ұйымдастырушыларын қамауда ұстау түріндегі жолын кесу шарасы қолданылды. ҚР ҚК 216-бабына сәйкес іс жүзінде жұмыстарды орындамай шот-фактураларды ресімдеу әрекетін жасағаны үшін мүлкін тәркілеп мерзімі 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі