jasqazaq.kz

Заңның басты жетістігі — вейптерге тыйым салынуы

19 сәуiр 2024, 20:48

Бүгін Мемлекет басшысы Парламентте қызу талқыға түсіп, жұмыс барысында қоғамның қызу қолдауына ие болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның басты жетістігі немесе екінші атауы ретінде “Вейптерге тыйым салған заң” деп атаса да болар. Ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енетін бұл норма арқылы елімізде шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынатын болады. Осылайша балаларының болашағына, қоғамымыздың келешегіне немқұрайлы қарай алмайтындардың жанайқайы оң шешімін тапты.

Заң сондай-ақ, медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Енді медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізіледі.
Сонымен қатар Заңмен медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған төмендегі түзетулер де қабылданды.

Енді медқызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан балалары үшін басым тәртіппен орын алу, кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау, мамандығына құрметпен қарау, медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары беріледі.

Ұлт денсаулығын нығайту ісіндегі жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы – мемлекеттік наградасымен марапатталуы мүмкін.

Медицина қызметкерлерін қажетсіз есепбастылықтан арылту үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітетін болды.

Аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі.

Әлішер Сатвалдиев, Сенат депутаты

Фейсбук парақшасынан

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде