jasqazaq.kz

Заңгер полиция қызметкеріне шабуыл жасады (видео)

09 сәуiр 2020, 20:39

#үйдеотыр

Алматы қалалық заңгерлер алқасының заңгері полиция қызметкеріне мас күйінде шабуыл жасады. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ “Nissan Qashqai” маркалы көлікті патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінің бойында байқады. Көлік құралы тоқтатылды. Алайда оның ішінде отырған екі ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық білдірді.

“29 жастағы жүргізуші ұятсыз сөздер айтты, мас күйінде болған, 1986 жылы туылған оның жолаушысы патрульге қарсы күш қолданды: ол полицейді басымен ұрды. Күдікті дереу залалсыздандырылды. Оған қатысты, қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы – билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жүргізуші – Ж.есімді тұрғынға қатысты ҚР ӘҚбК-і 590-баптың 2-бөлімі, 612 баптың 1 бөлімі, 613 баптың 4-бөлімі, 476-баптың 6-бөлімі бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар сотқа жіберілді. Көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды”, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Шабуылдаушы – онжылдық тәжірибесі бар Алматылық заңгерлер алқасының белсенді мүшесі екені анықталды.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия