jasqazaq.kz

Заңгер: Мектеп берген уақытша техниканы бұзып алғандар оны өтейді

28 тамыз 2020, 0:14

Қашықтықтан оқу үшін мектептен берілген компьютерді бұзып алған жағдайда оның ақшасын төлеуіңіз ғажап емес. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, бүгін онлайн-брифингте осыны меңзеді. Толығырақ әріптесім Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ тиісті техникамен қамтамасыз етілмеген оқушылар әлі де бар. Білім және ғылым министрі 1-ші қыркүйекке дейін компьютерлерді үлестіріп үлгеретіндеріне сенімді. Бірақ құрылғы бұзылған жағдайда құнын кім өтейді? Министр былай деп жауап берді:

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Заңнамаға сәйкес іске асырылатын болады. Бізде мемлекеттік мүлік туралы заң бар, азаматтық кодекс. Осы заңның 72-ші, 76-шы баптары осы мәселені қадағалайды. Сондықтан бұл заң шеңберінде шешіледі.

Бұл заңда мемлекеттік мүліктің берілу механизімі ғана көрсетілген. Заңгер Жандос Тұяқовқа хабарласып, сауалымызды төтесінен қойған-ек.

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Істен шығарған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс. Ерікті түрде не сот арқылы мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады.

Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі ол мектептегі кезекші сыныптар. Қазір бұл жаңашылдыққа 500 мыңнан аса ата-ана өтініш берген. Дегенмен Бас санитар Айжан Есмағамбетова оқушылар, не ұстаздар арасында індетті жұқтырғандар табылса, мектеп жұмысын тоқтататын ескерті.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрі сыныптарға сабақ берген мұғалімдерден анықталса, ауруды одан ары таралуын болдырмау мақсатында мектеп толығымен жабылуы мүмкін.

Бұдан бөлек ұрпақтың білім алуы үшін басын қатерге тіккен мұғалімдерге жәрдемақы қарастырылған ба деген сауалға да министрдің жауабы қысқа болды.

Дегенмен ұстаздар үшін қуанарлық жаңалық та бар. Бұрын бір сыныпта 20-30 оуқшы болса, қазір 15-тен аспау керек. Демек сынып көп болған сайын, ұстаз үшін сағат көбейеді. Ал, ол тиісінше жалақыны көбейтеді.

astanatv.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия