jasqazaq.kz

Заңды тұлғалар шоттан кез келген соманы шеше алмайды

28 қазан 2020, 11:55


Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіліп жатыр.

Бұл туралы zakon.kz  Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдемесін хариялайды.

Бұл  «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген лимиттен асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негізделген мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың міндеттемесінде қарастырылған».

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, келесі шешімдердің бірі қабылданады:

— төмен тәуекел дәрежесі үшін — қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болмаған кезде;
— жоғары тәуекел дәрежесі бойынша — қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатындығы туралы.

Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай ішінде кәсіпкерлік субъектілердің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасына келесі шекті сомалар бойынша белгіленді:

— 20 миллион теңге — шағын кәсіпкерлікке;
— 120 млн — орта бизнес үшін;
— 150 миллион — ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия