
Жалағаш ауданындағы «№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы мектеп-лицейінде» «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуге Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Оразғали Әділжан Ғалымжанұлы, аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Тоқпенбетова Күлдаш Ордабайқызы, гір спортынан Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан Жанатұлы, Жалағаш аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Ахметова Ұлбосын Жақсылыққызы және Жалағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Қойшығұл Ғайни қатысты.
Кездесуде заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіп және құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың қоғамдағы орны, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары сөз болды. Спорт маманы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдалануға және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақырды.
Жиында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, ал тәртіпті қоғам – қауіпсіз болашақтың кепілі!