jasqazaq.kz

«Заң мен тәртіп»: Ақтөбеде мектеп оқушыларымен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Бүгін, 16:31

Ақтөбе қаласындағы №69 орта мектепте «Қауіпсіздікті сақтау мен қорғау — басты қағидат» тақырыбында интерактивті кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты — оқушыларға жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағыт беру. Сондай-ақ төтенше және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілді.

Іс-шараға облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры А. Бекбосынов пен қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Д. Утемисов қатысты.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті бұзбаудың маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары сөз болды.

— Қауіпсіздік ең алдымен әр адамның өзіне және айналасындағыларға деген жауапкершілігінен басталады. Сондықтан заң талаптарын білу және сақтау — баршаға ортақ міндет. Әсіресе жасөспірімдер өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біліп, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуы керек, — деді А. Бекбосынов.

Кездесу барысында мектеп Парламенті мен омбудсмендердің «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында атқарып жатқан жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. Одан кейін оқушылар «Қауіпсіздік ережесін білесің бе?», «Заңды біл — өзіңді қорға!» тақырыптарындағы сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керегін талқылады.

Шара соңында ұйымдастырылған «Ашық микрофон» алаңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, жауапкершілігін нығайтуға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу