jasqazaq.kz

«Закладчикке» де жаза бар

26 сәуiр 2021, 14:01

Сағындық Аяғанов, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары:

– Қалада 83 колледж бар. Онда 69 мың студент білім алады. Есірткі қылмысын болдырмау мақсатында, өткен жұмадан бері күніне 2000-2500 студентті жинап, кездесулер ұйымдастырып жатырмыз. Онлайн түрде бейнебаяндар көрсетеміз. Соңғы кездері жастар «Закладчик» болуға шақырса, не істейміз?» деген сұрақты жиі қояды. Қазір олар қашықтан оқиды, яғни студенттердің қайда жүргенін ешкім қадағаламайды. Сондықтан есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, тасымалдау, оларды өткізу, сатқан адамның қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайтынын түсіндіреміз.

Алып шаһарда үш айда синтетикалық есірткіге қатысты 40 қылмыстық оқиға тіркеліп, оны таратумен айналысқан 42 күдіктінің қолына кісен салынған. 12 келі психотропты белсенді заттар тәркіленіп, оны өндіруді меңгерген, заңсыз кәсіпті ұршықтай иірген үш зертхананың есігіне құлып салынды.

Оны өндірушілер көбінесе қала немесе ауыл шетіндегі саяжайлардан баспана жалдауға тырысады екен. Сағындық Аяғановтың айтуынша, ацетон және басқа химиялық заттардың иісі жағымсыз, сондықтан өндіріс ошағына айналған үйде өмір сүру мүмкін емес. Медеу ауданында 27 жастағы жігіттің астыртын зертханасынан 196,22 мефедрон тәркіленді. Күдікті баспана жалдаған.
Наурыз айында логистикалық көліктік компания арқылы психотропты қоспаларды Ресейден тапсырыспен алдырып, синтетикалық есірткі өндіріп, табыс көзіне айналдырған екі тұрғынның кәсібі ауыздықталды. Олардың үйінен түрлі ұнтақ , химиялық колбалар, химиялық қондырғылар, 20,30,50 литр ыдысқа құйылған химиялық сұйық заттар, тағы басқа заттар тәркіленген. Күдіктілер 24-25 жаста. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қолына кісен тағылғандар «оқымаймыз, жұмыс істемейміз» деп жақ ашпайтын көрінеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия