jasqazaq.kz

Зайсандағы шу: жергілікті әкімдік түсінік берді

20 ақпан 2020, 11:35

Зайсан ауданының тұрғындары жергілікті биліктің Қытайдан келген адамдарды осы елді-мекеннің ауруханасында тексеру туралы шешім қабылдағанына наразы болып, шу шығарған. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

19 ақпанда YouTube сайтында «Қытаймен шекаралас Зайсан ауданының тұрғындары коронавируспен ауыратын науқастарды жергілікті ауруханаға жатқызып жатыр деп наразылық білдіруге шықты» деген ақпарат пайда болды. Видео түсірген адам наразылық белгісі ретінде ауруханадан төсеніштерді алып шығарып жатқандарын айтты. Олар коронавируспен ауыратын науқастарды Қазақстанға кіргізбеуді талап етті.

Бұл ақпаратты Зайсан қаласы әкімінің аппараты растады. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл арада адамдар арасында түсініспеушілік орын алған. Шындығында, олар еліміздің бас санитарлық дәрігерінің бұйрығын бойынша әрекет еткен. Ал ол құжатта Қазақстан Республикасына коронавирус тіркелген шет мемлекеттерден келген азаматтар тұрақты медициналық бақылауда болатындығы айтылған. 14 күн бойы оларды дәрігерлер қарайды делінді.

Адамдар осыны дұрыс түсінбей, көшеге шыққан, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазір әкімдік қызметкерінің айтуынша, Зайсанға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өзі келе жатыр. Онымен бірге санитарлық дәрігерлер де еріп келеді.

Бүгін, 20 ақпанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус тіркелген — Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Гонконг, Макао және Тайвань (Қытай) елдерінен келген адамдарға медициналық тексеру жүргізілетіні хабарланды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия