jasqazaq.kz

Зайсанда браконьерлер инспекторларға шабуыл жасады (видео)

26 сәуiр 2019, 11:15

Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауылына қарасты Тассай ауылының бірнеше тұрғыны заңсыз балық аулау кезінде қолға түсіп, инспекторлардың қайығын аударып жібермек болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Балық уылдырық шашатын маусым болғандықтан, қазір Зайсан көлінде қармақ салып, ау құруға болмайды. Бұл тыйымды елемеген Тассай ауылының бірнеше тұрғыны рейд барысында қолға түскен. Кештетіп көл аумағын тексеруге шыққан 2 инспектор заңсыз балық аулаушылардың қарсы шабуылына тап болады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сан басымдығына арқаланған браконьерлер комитет өкілдеріне бейәдеп сөздер айтып, доқ көрсеткен. Тіпті ескекпен ұрып, қайықтарын аударып тастамақ болған.

Артынша бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті де растады. «Бұл оқиға Зайсан көлінің Базар учаскесінде, 23 сәуірде кешке болған. Браконьерлер заңсыз әрекеттерінің үстінен түскен инспекторларды балағаттап, күш қолданатындарын айтып, қарсылық танытқан. Кикілжіңге қатысқан тұрғындардың кім екені анықталды. Барлығы да Тассай ауылының тұрғындары. Бұл іс бойынша жеке тексеру басталды. Олардың үстінен инспекторларға күш көрсеткені үшін сот алды тергеу тағайындалды» — делінген департаменттің мәліметінде.

https://youtu.be/xS7f7oB4TIo

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде