jasqazaq.kz

Зағипа Балиева: Топ туралы естіп-білсеңіз, бірден құзырлы органдарға хабар беріңіз

11 маусым 2018, 14:52

Әлеуметтік желілерде балаларды өзін-өзі қол жұмсауға шақыратын топтар пайда бола бастады. Бұл туралы бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ескертті.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, омбудсмен ата-аналарды барынша мұқият болып, қауіпті топтар туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырды.
«Интернетке баса назар аударуды өтінемін. Маған «ВКонтакте» желісінде балаларды суицидке шақыратын топтар пайда бола бастағаны туралы үрейлі хабарламалар келіп жатыр. Құқық қорғау органдары қазір бұл мәселемен айналысуда, мен де бақылап отырмын. Алайда мұндай топтарды анықтау мен бұғаттау біраз уақыт алуы мүмкін. Сондықтан мен сіздерден көмек сұраймын: егер осындай топ туралы естіп-білсеңіз, бірден құзырлы органдарға хабар беріңіз», —деп жазды Балиева фейсбуктегі парақшасында.
Ол бірнеше жасөспірімнің өмірін қиған «Көк кит» тобын еске салды.
Балиева сарыағаштық бала мен тараздық жасөспірімнің істеріне қатысты пікір білдірді
«Балаларға осындай қауіпті топтар барын айтып түсіндіріңіздер. Егер оларды интернетте әлдекім қорқытатын болса, олар, ең алдымен, сіздерге хабар беруі керек. ТМД елдерінде бірнеше баланың өмірін қиған «Көк кит» тобын мысалға келтіріңіздер. Топ ұйымдастырушылары бұл балаларды егер олар өзіне қол жұмсамаса, отбасын өлтіреміз деп қорқытқан. Топ ұйымдастырушысы қолға түсті, ол жасөпірім болып шыққан. Ол үшін бұл жай ғана ойын болған», — деді бала құқығы жөніндегі уәкіл.
Балалар омбудсмені қазір байланыс операторлары «ата-ана бақылауы» қызметін ұсынып отырғанын атап өтті.
«Оны пайдалану мүмкіндігін қарастырыңыздар», — деп кеңес берді ол ата-аналарға.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді