jasqazaq.kz

Зағипа Балиева: Елімізде педофилдер көбейген

13 желтоқсан 2017, 15:10

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева елімізде педофилия дертінің көрсеткіші артып бара жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«2017 жылдың 9 айдағы көрсеткішін 2016 жылдың осы мерзімдегі қорытындысымен салыстырсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау сияқты қылмыстың — 100-ден 133-ке дейін артқанын көреміз. 33 пайызға артқан. 2016 жылы зорлықшылардан 180-нен аса бала зәбір көрген еді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда аз, бірақ, бұл көрсеткіш елімізде педофилияның артып келе жатқанын білдіреді», — дейді Балиева үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында. Депутат 2018 жылдан бастап педофилдерді химиялық кастрациялауға рұқсат ететін норма күшіне енетінін еске салды. «Денсаулық сақтау және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қаншалықты дайын? Егер абақтыда бұл мәселені қандайда бір жолмен шешуге болатын болса, басқа жаза қолданылып, түрмеден босап шыққан зорлықшыларға не істеуге болады», — деп сұрады депутат. Балиева үкіметтен осы резалюцияны анық сипаттап беруін сұрады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды